Құрманғазы аудандық ауруханасының инфекционист дәрігері мен анестезиолог-реаниматологына кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекеттер жасады деп айып тағылды. Салдарынан 44 жастағы Бекдидар Көргенәлиев былтыр 1 қаңтар күні қайтыс болған еді. Марқұмның соңында кәмелетке толмаған 3 баласы қалды.
«Сотталушыларға дәрігерлік қызметпен айналысу құқынан айыру жазасын тағайындай отырып, бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Алайда ҚР 30 жылдығына байланысты «Рақымшылық жасау жөніндегі» заңы негізінде бас бостандығынан айыру жазасынан босатылды. Дәрігерлік қызметпен айналысу құқынан айыру түріндегі жаза заңда көзделмеген,»- деді Құрманғазы аудандық сотының судьясы Бейбітгүл Меңсейітова.