Атырау облысында Жем өзені тасып, адамдар эвакуацияланды

21 сәуір, 11:53

Жылыой ауданы Құлсары қаласының 7-ауылында Жем өзеніндегі су деңгейі көтеріліп, 3 ауланы су басты. Тұрғындар үйінен шығып үлгерген. Қауіпсіз жерге 10 адам көшірілді, оның 4еуі бала. Қазір олар уақытша туыстарының үйін паналауда.


Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қазір ең қауіпті аумақта орналасқан 7-ауылдың тұрғын үйлерін қорғау үшін топырақ үйіндісін салу және құм салынған қаптарды төсеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.