Атырау: «Тұрғын үй қалашығы мен Авангард» көпірі белгісіз уақытқа жабылды.

20 маусым, 13:54

«Қалада жол құрылысын салу мақсатында «Тұрғын үй қалашығы-Авангард» көпірінің бір жақ бөлігі ағымдық жөндеуге 20 - маусым сағат 10:00 ден бастап жабылатындығын хабарлаймыз. Көлік қозғалысы үшін автокөлік жүргізушілеріне бір жолақтан жол жүру қарастырылғанын қаперлеріңізге саламыз»,- деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Баспасөз хабарламасында көпірдің қашан ашылатыны айтылмады.
Сонымен қатар, ертеңнен бастап “Әуезов” көшесін қайта жаңғырту мақсатында “Оңдасынов-Волгоград” көшесі аралығындағы 350 метр аумақ құрылыс монтаждау жұмыстарына жабылмақ.