АТЫРАУ: VIP нөмірлерді жалған түбіртекпен сатып алғандар анықталды

23 мамыр, 19:43

Жоғары сұранысқа ие нөмірлерді сатып алу барысында, жалған түбіртектерді пайдаланып, мемлекет пайдасына залал келтірген.

-Сатып алынған нөмірлердің сомасын бюджетке нақты түсіммен салыстырып тексеру барысында, 5 млн теңгеден астам қаражаттың түспегендігі белгілі болды. Яғни, VIP нөмірлердің автоәуесқойлары төлем жасарда жалған түбіректер қолданған, - деп хабарлады қала прокуроры Аршат Тайтуллин.

Аталған факт бойынша қала прокуратурасымен ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігімен және 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.