28 ақпан, 18:15
Қазір Қызылқоға және Индер аудандарын құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Күрт еріген ақ ұлпа көшелерге лық толып, көлге айналды. Суды соруға жергілікті тазалық мекемелерімен бірге төтеншеліктер жұмылуда. Қос ауданнан мыңнан астам текше метр су сорылды.