Атырауда 4 рет жалған хабарлама берген оқушының ата-анасы айыппұл арқалады

04 мамыр, 16:21

16 жастағы жасөспірім соңғы бір айда полицейлерге 4 рет қоңырау соққан. Олардың бәрі де жалған боп шықты. Ол алғашында 28 - наурыз күні еш мән-жайды түсіндірместен, полиция қызметкерлерін шақыртқан.

26 - сәуір күні мектеп ауласында орналасқан футбол алаңында жасөспірім балалар төбелесіп жүргендігі жөнінде екінші рет хабарлама берген.

Араға үш күн салып, ойын алаңында белгісіз адамдар автокөліктерге тас лақтырғанын айтады.

30 - сәуір күні көпір айналасында 14-15 жастағы жасөспірім оқушылар электрошокер және бөтелкелер ұстап төбелескелі жүргендігін айтып хабарлама берген.


Полиция жалған қоңыраулардың иесі 10 сынып оқушысы екенін анықтады. 16 жастағы жасөспірімнің анасына ҚР ӘҚБтК-нің «Арнаулы қызметтердi көрiнеу жалған шақыру» бабымен әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салды. Баласының еркелігі үшін ол 45 945 теңге төлейді.