Атырауда алып бекіре тұқымдас қорытпа балығы ауланды

19 сәуір, 13:52

Бағалы балық Жайық өзенінің «Кіші Дамбы» тартымында мемлекеттік тапсырысты орындау барысында «Амангелді атындағы» ЖШС-нің балықшылар бригадасының ауына түсті. Алып балық Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауытына жеткізілді. Қорытпаның салмағы - 190 келі, ұзындығы - 2метр 47см. Мамандар ультрадыбыстық сканерге түсірген кезде бағалы балықта уылдырық бар екендігін көрсетті.

Бірден зембілмен зауыт цехына жеткізілді. Мамандар ссы жерден бақылауда ұстап, уылдырық шашатын уақытын күтеді.