38 жастағы келіншектен 29 дана трамадол мен 11 дана топикамид дәрісі тәркіленді. Оның бұдан бұрын да осындай құқық бұзушылықпен айналысып, психотропты дәрі сатқаны белгілі болды.
Полиция қазір аталған жағдайға қатысты іс-құжаттары жинақталып жатқанын жеткізді.
Айта кетейік, жыл басынан бері аймақта 30 мыңға тарта психотроптық дәрі тәркіленген. Заңсыздықпен айналысатындардың басым бөлігі – әйелдер.