Атырауда бір күн ішінде 6 жасөспірім хабар-ошарсыз кеткен

05 мамыр, 16:54

Мәселен, 1 мамыр күні 38 жастағы азаматша сағат 17:00 шамасында 4 жасар ұлының тұрғылықты мекен-жайынан хабар-ошарсыз шығып кеткендігі бойынша полицияның 102 арнасына хабарлама берген.

Жедел іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде бөбекті полиция қызметкерлері екі сағаттың ішінде тауып, ата-анасына табыстады. Белгілі болғандай бала ойнап жүріп әжесінің үйіне кетіп қалған.

Осындай 6 оқиға бойынша барлық жасөспірімдерді полиция қызметкерлері 2-3 сағат ішінде тауып, ата-аналарына қауыштырды.