Атырауда көп қабатты үйдің терезесінен құлап кеткен баланың жағдайы өте ауыр

29 сәуір, 17:25

Дәрігерлер 5 жастағы бүлдіршіннің өкпені жасанды желдету аппаратына қосылғанын айтты. Ашық бассүйек-ми жарақаты, ауыр ми жарақатымен балалар ауруханасында жатыр.

Оқиға 27-сәуір күні қаладағы Құлманов көшесінің біріндегі үйлерде орын алған. Бала ас үйдің терезесінен құлап кеткен. Бұл уақытта әкесі басқа бөлмеде болған.

Қазір полиция оқиғаға қатысты тергеу амалдарын бастады.