Атырау қалалық ПД жедел басқару орталығының операторы көпірден секірмек болған ер адамның өмірін сақтап қалды. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап Elitar.kz хабарлайды.
Бұл күн Аймекен Аманованың есінде ұзақ уақыт сақталады. Өйткені ішкі істер органдарында қызмет еткен 10 жыл ішінде оған алғаш рет өмірмен қоштасқысы келген ер азамат хабарласқан.
"Басында мен сөзге назар аудардым. Оның сәл ұрттап алғанын түсіндім. Әрі қарай нұсқау бойынша жұмыс істеуге тырыстым. Одан неге мұндай шешімге келгенін сұрадым. Ол өмірден шаршағанын және өзінің өліміне ешкімді кінәламауды сұрады",-деді Аймекен Аманова.
"Аймекен бізге көпірден секіргісі келген ер адам туралы, тіпті көпір орналасқан жерді айтқаннан соң камераны сонда бағыттадық", - дейді ЖБО-ның басқа операторы Анаргүл Ғизатолла.
Бұл аралықта Аймекен ер кісімен әңгімені әрмен қарай жалғастырды.
"Әдетте бізге суицид туралы өзге адамдар хабарлайтын. Бұл жолы өз-өзіне қол жұмсағысы келген азаматтың өзі қоңырау шалған кезде оның өмірін қалай да сақтап қалу керектігін және ол үлкен жауапкершілік екенін түсіндім. Ол үйленген, бірақ балалары жоқ екенін білдім. Онымен әңгіме барысында ол өзінің өмірден шаршағанын бірнеше рет қайталады" деп сөзін жалғады Аймекен.
Ер кісіні құтқару операциясы күндізгі сағат 14.06-да жедел басқару орталығы инспекторлары мен Батыс-24 экипажының және уақытында келген учаскелік инспекторлардың күшімен сәтті аяқталды.