Атырауда қолын кеудесіне қойып, әнұран айтудан бас тартқан тренерге айыппұл салынды

14 маусым, 20:55

Ер адамның мемлекеттік рәміздерге қатысты құрметсіздігі жүзу бойынша сайыс кезінде байқалған. Оны сол жердегі көрерменнің бірі фотоға түсіріп алыпты. Суретте әнұран айтылған сәтте азаматтың қолын кеудесіне қоймағаны анық байқалады. Полиция департаменті қызметкерлері 33 жастағы тренерге қатысты хаттама толтырып, айыппұл салды.