Махамбет аудандық ауруханасының сегіз тазалықшысы сауықтыруға арналған жәрдемақы төленбегеніне наразы болып, Еңбек инспекциясы басқармасына арыз берген. Ондағылар "Ұжымдық шарт» бойынша жәрдемақы қаржы көздерінде үнемділік болған жағдайда ғана төленетенін айқындап, аурухана басшылығының әрекетінен заңсыздық таппапты. Бірақ аурухананың қаржылық жағдайын зерделемеген.