Атырауда "Темекіні жеміске ауыстырыңыз" акциясы өтті

16 маусым, 14:21

Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында полицейлер темекіге әуес жандарға одан толықтай бас тартуға шақырды. Арнайы қойылған ыдысқа шылым тастаған адамға темекінің орнына бір қорап жеміс-жидектер табысталды. Ерекше шараны өткізуге қалалық әкімдік қызметкерлері мен еріктілер атсалысты.