Атырауда тұрғындардың көлігін жалға алып, сатып жіберген алаяқ ұсталды

26 мамыр, 12:39

29 жастағы қала тұрғыны 2020 жылдың қаңтар айынан бастап келісім шарт негізінде автокөліктерді жалға алған. Кейін иелері көліктерін таппай қалған еді.

Аталған дерек бойынша полиция ҚК-тің 190 бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады.
Құқық қорғаушылар күдіктінің іс-әрекетінен зардап шеккен өзге де тұлғалар болса, хабарласуды сұрап отыр.