Атырауда ер адам қант сатып алу үшін супермаркетке 18 рет келген

31 мамыр, 13:08

Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы азық-түлік бағасын қадағалау мақсатында рейд жүргізген кезде мұны бақылау камерасынан көрген. Осылайша арзан бағаға бірден бірнеше келісін сатып алып, қымбатқа сататындар бар, - дейді әкімдік өкілдері. Сондықтан супермаркеттерде қант белгілі бір мерзімде ғана сөрелерге шығарылып тұрады,- дейді.

Қазір аймақта ірі супермаркеттерде шекер 1 келіден ғана сатылып жатыр. Есесіне сол супермаркеттен кем дегенде 1мың теңгеге сауда жасалу керек. Бірақ бұл тұрғындардың ашуын туғызып тұр.