15 -маусымнан бастап 4 жағажай шомылушыларға ресми ашылғаны хабарланды. Олар: "Атырау" дене шынықтыру-сауықтыру кешені маңындағы, «Малибу», «LUCH» және «Акварай» бассейні.
«Қала тұрғындарынан кішкентай балаларды су айдындарында қараусыз қалдырмауды ескертеміз. Сондай-ақ, өзенге түсу ережесі мен суға тұншыққан адамға алғашқы кезекте қандай көмек көрсету керектігі туралы нұсқаманы таратып жүрміз», - деді ТЖД құтқарушылары.