Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры Нұрбол Құрман мәлімдеді.
Платформа іске қосылғаннан бері Атырау облысы бойынша келіп түскен 257 өтініштің 49-ы мақұлданған. Өтініштер онлайн режимде оtbasybank.kz порталына жолдануда. Сондай-ақ, құжатқа сәйкес, жалға алынатын тұрғын үйдің 1 шаршы метр құны айлық есептік көрсеткіштің жылдық деңгейі мен облыс немесе қаланың белгіленген коэффициенті негізінде қалыптасады. Мысалы, Атырау қаласының тұрғындары үшін 1 ш.м. тұрғын үйдің құны 2 172 теңге болып белгіленді. Тиісінше, үш адамнан тұратын отбасы шамамен 86 894 теңге тұратын жалдамалы баспана ала алады, - деді Н.Құрман.