Атырауда жедел жәрдем қызметінің көлігі жол апатына ұшырады. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға кеше, 11 қыркүйекте сағат 17.30-дар шамасында орын алған.
«Жедел жәрдем көлігінде болған екі жолаушы және «Toyota Land Cruiser» көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Полицейлер жол-көлік оқиғасына байланысты тиісті іс-құжаттарды жинақтап жатыр» деп атап өтті ведомстводағылар.