Атырауда жол-көлік оқиғасынан екі адам қайтыс болды. Оқиға бүгін, 31 тамыз сағат 04:20 шамасында "Доссор - Құлсары - Ақтау" республикалық тас жолының 74 шақырымында орын алған.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Toyota автокөлігі аударылып, салдарынан екі адам оқиға орнында қаза тапты. Тағы бір жолаушы аудандық ауруханаға жеткізілді. Көлік апатына қатысты тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.