Атыраулық азаматқа сот жарты жыл көлемінде алкогольдік ішімдік ішуге тиым салды

16 ақпан, 15:16

Атыраулық азамат ішімдік ішіп ап туған анасының үйінің терезесін сындырып, боқтап-балағаттаған. Онымен қоймай, әйелі мен бала-шағасын үйінен қуып жіберген.

Перзентінің әрекетіне шыдамаған анасы полиция қызметкерлеріне шағымданады.

Құқық қораушылар 43 жастағы азаматтың бұрын да отбасында бірнеше жанжал шығарғанын анықтап, хаттама толтырып, сотқа жолдады. Сот шешімімен қала тұрғыны 8 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, алты ай мерзімге алкогольдік ішімдік ішуге тыйым салынды. Және ішкі істер органдарының есебіне алынды.