Атыраулық шенді құрылыс компаниясымен бірлесіп бюджет қаржысын жымқырған ба?

16 ақпан, 14:52

​Қаржы мониторингі агенттігі облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрқуат Нудиннің ұсталғанын ресми түрде растады.

Баспасөз қызметі әлеуметтік объектілердің құрылысына бөлінген аса ірі мөлшерінде бюджет қаражатын жымқыру дерегімен Атырау облыстық құрылыс басқармасының лауазымды тұлғалары мен «Техника-Рем строй» ЖШС басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын ресми түрде хабарлады. Нақтырақ айтсақ, 4 нысан: мектеп, екі отбасылық дәрігерлік амбулатория және дене шынықтыру-сауықтыру кешені айтылады. Осы қылмыстық іс шеңберінде Атырау облысы Құрылыс басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары (қазіргі таңда Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары) ҚПК-нің 128-бабына сәйкес ұсталып, Атырау қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген хабарламада. ЖШС басшысына да "күзетпен ұстау"түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.