Атырау ЖЭО Оралдағы балықтардың жаппай қырылуына байланысты өз кінәсін мойындады

06 маусым, 10:09

​Атырау жылу электр орталығы (ЖЭО) Оралдағы балықтың жаппай қырылғанын мойындады. Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаментінің балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің бастығы Серік Жанұзақов хабарлады, деп жазады "Мой город" порталы.

Серік Жанұзақовтың айтуынша, бір қылмыстық іс тоқтатылды, себебі АТЭО өз кінәсін мойындап, тіпті шығынды қайтарды.

Екінші қылмыстық іс бойынша "Атырау су арнасы" басшылары күдікті деп танылды.

Қазіргі уақытта прокуратурада тексеру ісі жүргізіліп, одан кейін оны сотқа береді.

Естеріңізге сала кетейік, 4 маусым күні Атырауда облыс активімен кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Оралдағы балықтың жаппай қырылуына кінәлі адам оған белгілі екенін айтқан болатын.