Қазақстанда коронавирусқа байланысты 5 елге әуе рейсі қысқарды

04 наурыз, 10:51

Коронавирусқа байланысты Қазақстан келесі әуе рейстерді тоқтатты:

- Қазақстан мен Қытай арасындағы барлық тұрақты рейстер (аптасына 34 рейс) 2020 жылдың 3 ақпанынан бастап тоқтатылды;
- 2020 жылдың 1 наурызынан бастап Нұр-Сұлтан – Сеул және Алматы – Сеул бағыттары бойынша тұрақты рейстердің саны аптасына 9-дан 3 рейске дейін қысқарды;
- Алматы-Тегеран бағытындағы рейстер 1 наурыздан бастап тоқтатылды (аптасына 1 рейс);
- 5 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан – Баку рейсі тоқтатылады. Алматы-Баку рейсі 5-тен 2 рейске дейін, Ақтау — Баку рейсі 7-ден 1 рейске дейін шектелді;
- Нұр-Сұлтан-Токио авиа маршруты - 2-ден 1 рейске дейін қысқарды.
2020 жылдың 3 наурызынан бастап "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ базасында короновирус бойынша жағдайды мониторингілеуге бағытталған ахуалдық орталық жоспарлы режимде жұмыс істей бастады. Орталықта Қазақстанның тұрақты және тұрақты емес әуе қатынастары бар елдерде жұқтырылған адамдардың статистикасы бойынша бақылау жүргізіледі.
Жолаушылар үшін "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ-на авиабилеттерді қайтару мәселесі бойынша кеңес беру мақсатында 8 (7172) 64 58 41 нөмірі бойынша жедел желі телефоны жұмыс істейді. Жұмыс кестесі аптаның бес жұмыс күнінде сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.