Қазақстанда жаңа оқу жылы басталды, деп хабарлайды Elitar.kz БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
"Жаңа 2019-2020 оқу жылында республиканың 7 мыңнан астам мемлекеттік мектептерінде 3 млн астам оқушы оқуын жалғастырады. Алғаш рет 400 мыңнан астам бірінші сынып оқушылары мектеп табалдырығын аттайды. Балаларды 300 мың педагог қарсы алады", - делінген ақпаратта.