Қазақстанда 5-9 қазанда Халықаралық инвесторлар апталығы өтеді

05 қазан, 11:30

Елордада 5-9 қазан аралығында виртуалды Халықаралық инвесторлар апталығы өтеді. Осы жылы іс-шаралар онлайн-презентациялар мен онлайн-ақпараттық сессиялар форматында ұйымдастырылады. Оларға кез-келген адам қатыса алады. Іс-шараның спикерлері Астана халықаралық қаржы орталығы сарапшылары, сондай-ақ қор нарықтары, тұтынушылар мен инвесторларды қорғау, қаржылық технологиялар, жасыл және исламдық қаржыландыру, бағалы қағаздар нарығының құралдары, сондай-ақ кәсіби біліктілікті арттыру саласындағы отандық және шетелдік сарапшылар болады. Халықаралық инвесторлар апталығы жыл сайын әлемнің 6 континентіндегі 80 елдің қаржылық реттеушілерімен Халықаралық бағалы қағаздар комиссиялары ұйымының қолдауымен өткізіледі.