Қазақстанда 5 медициналық клиника ЭКО қызметін көрсетеді

30 сәуір, 12:00

Қазақстанда бес медициналық клиника экстракорпоралдық ұрықтандыру қызметін көрсетуде, деп хабарлайды "Хабар 24"-ке сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

"ДТҰ-ның бір рәсімі орта есеппен бір жарым миллион теңгеге жуық. Жыл сайын республикада мемлекеттік квоталардың арқасында 900-ге жуық азамат жасанды ұрықтандыруды жасайды. Мәселен, елімізде осы жолмен 1 500-ден астам бала дүниеге келді.

Айта кетейік, 2010 жылғы жағдай бойынша Қазақстанда тек екі клиникада экстракорпоралдық ұрықтандыру жүргізілді. Бүгінде бұл сан екі есе артты. Отандық репродуктологтардың көмегіне біздің отандастарымыз ғана емес, әлемнің 50 елінен келген пациенттер де жүгінеді",-деп жазылған сайттағы ақпаратта.