Қазақстанда автокөлік сатып алуды рәсімдеу процедурасы жеңілдетілді 

26 сәуір, 14:27

Енді 1 шілдеден бастап тіркеу кезінде автокөлікті тексеру тоқтатылады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі айтты, деп хабарлайды Elitar.kz.

"Бұрын біз көлікті қайта тіркеу кезінде оны текстеруден бас тарттық, яғни бұрын ҚР-да тіркелген көлікті арнайы ХҚКО қайта тексермейтін. Біз енді алғашқы тіркеу кезінде көлікті тексеруді де тоқтатамыз",-деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Кеңесбаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Енді салық пен басқа да рәсімдерге қатысты дүниелер портал арқылы бақыланатын болады.

"Өздеріңіз білетіндей, бұрын арнайы ХҚКО-ға жүгінген кезде адамдарда салық төлеуді растау бойынша сұрақтар туындады. Квитанциялар бойынша, сомалар бойынша және т.б. келіспеушіліктер болды. Қазір бұл құжаттарды қағаз түрінде ұсыну қажеттілігі жоқ — ақпараттық база арқылы салық төлеудің толықтығын көріп отырмыз", — деп түсіндірді спикер.

Сондай-ақ, ІІМ баспасөз қызметінде ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап емтихан бөлімшелерін тарату туралы шешім қабылданғанын еске салды.