Ағымдағы жылдың 30 сәуірінде көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында ҚР Парламенті тұрғын үй қатынастары мәселелері жөнінде заң қабылдады. Құжатты іске асыру ҚР Үкіметіне әкімдіктермен бірлесе отырып, еліміздің барлық өңірлерінде көп балалы отбасыларға пәтер беруді қысқа мерзімде бастауға мүмкіндік берді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің ресми сайты.
ҚР Президенті Әкімшілігінің, Парламентінің және Үкіметінің үйлесімді жұмысы нәтижесінде аз қамтамасыз етілген отбасылардың тұрғын үй жағдайын жақсарту жөнінде жүйелі шаралар қабылданды.
Ағымдағы
жылдың мамыр айында бүкіл ел бойынша
2019 жылы жоспарланған 6 мың отбасының
1,2 мың көпбалалы отбасын тұрғын үймен
қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Бүгінгі күні Нұр-Сұлтанда 24, Шымкентте 15 пәтер берілді.
Павлодар облысының көп балалы
отбасылары 76 пәтер алды, Қарағандыда
27, Ақтөбеде 25, Алматыда 20, Маңғыстауда
18, Жамбылда 17, Шығыс Қазақстанда 11, Батыс
Қазақстанда 10, Ақмола облысында 6 пәтер
табысталды.
15
мамыр күні Атырау облысында 50 көп балалы
отбасы пәтермен қамтамасыз етіледі.
«Жергілікті
атқарушы органдардың деректері бойынша
тұрғын үй алу кезегінде 32 мың көп балалы
отбасы тұр.
Көп балалы және аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша қойылған міндеттерді жүзеге асыру барысы ҚР Үкіметінің ерекше бақылауында»,- делінген хабарламада.