Бұл туралы еңбек ресурстарын дамыту орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды Elitar.kz.
Әйелдер саны 1990 жылдардың аяғы мен 2000 жылдардың басында туудың төмендеуіне байланысты айтарлықтай төмендейді. "2018 жылы бұл көрсеткіш 1,4 миллион адамды құраған болса, 2025 жылға қарай көрсеткіш 1,1 миллион адамға қысқарады. Нәтижесінде популяция өсуі баяулйды, бірақ бұл процесс тоқтамайды", - делінген хабарламада.
Бұл жерде жас ерекшелігі 20 мен 29 жас аралығын құрайтын әйелдер алынып отыр.
"Үшінші мегаполис Шымкент қаласының тұрғындар саны 2050 жылға қарай 167 пайызды яғни 2,6 миллион адамды құрайды деп есептеледі", - деп хабарлайды еңбек ресурстарын дамыту орталығының директоры Дмитрий Шумеков.
Айта кетейік, бұл болжамдар өткенді шолу негізінде жасалған және бірқатар факторларға байланысты орындалмауы да мүмкін