Елімізде тексерілген балалар ойыншықтарының 47% қауіпсіздіктік талаптарына сай болмай шықты.
«Анықталған заң бұзушылықтардың барлық фактілері бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне оны жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді. 21,5 кг ойыншық сауда кәсіпорындарында сатудан алынды. Себебі сатуға қойылған өнім оның қауіпсіздігін растайтын құжаттарсыз сатылған. Кейбір ойыншықтар үшін Қырғыз және Ресей сертификаттау органдары берген сәйкестік сертификаттары ұсынылған болып шықты. Бұл сертификаттарының қолданылуын тоқтату үшін еліміздің Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне 2 материал жіберілді»,-деді комитеттегілер.