Қазақстандық альфонс жігітке ТМД бойынша іздеу жарияланды

24 маусым, 18:00

Мәди Талқыбаев бірнеше әйелдің сеніміне кіріп, млн теңгеден астам қаражат ұрлаған. Ол ТМД бойынша іздестірілуде, деп хабарлайды nur.kz-ке сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

Қазір жігіттің нақты қайда екені белгісіз. Астаналық Гүлден оқиға туралы айтып берді. Пысықай жігіт өзін бай бизнесмен ретінде көрсетіп, астаналықпен көңіл жарастырып, соңында оның 6 млн теңгесін алып жоқ болған. Кейінірек бизнесменнің отбасы бары белгілі болды.

Гүлден туралы жұртшылық білген соң, басқа да жәбірленушілерден ер адамға дәл осындай шағымдары бар арыздар келіп түсе бастады. Талқыбаев өз кезегінде тергеу басталғанға дейін бой тасалап үлгерген.

Қыз әлеуметтік желілерде алаяқтың қайда екенін тапқан адамға сыйақы төлейтінін жариялады. Гүлден Мәди Талқыбаевтың қайда екенін білетіндер 8 701 974 03 77 нөміріне немесе қылмыстық іздестіру бөліміне (7172) 71-60-22, 8-778-638-88-70, 8-701-716-41-20 немесе 102 нөміріне қоңырау шалуды сұрайды.