Қазақстандық Әли Тұрғанбеков арманына қол жеткізді. Балақайдың туғанынан аяғы жоқ. Бұл жолы ол әлемдік футбол жұлдызы Леонель Мессимен, және "Барселона" ойыншыларымен кездесті. Бұл туралы балақайдың анасы Ақмарал Амиреева Инстаграм әлеуметтік желісінде хабарлайды.
Фотосурет астындағы мәтінде ол осы кездесуді ұйымдастырған Барселонадағы Қазақстан консулына алғыс айтты.
"Барселонадағы
Қазақстан консулы Ринатқа үлкен алғысымыз
шексіз, ол өз жұмысының
тығыздығына қарамай бізбен бірге еріп
жүрді, аударма жасады. Ринат аға,
үлкен рахмет Сізге!",- деп жазады
Әлидің анасы.
Сондай-ақ, Әлидің
Instagram-дағы парақшасында Мессимен
құшақтасып суретке түскенін,
Каталон клубының жаттығу процесіне,
сондай-ақ Испания чемпионатының
"Барселона" мен "Реал
Соседад"арасындағы матчына барып,
қалай көңіл бөлгенін көруге болады.
"Фотодағы
сезімдерімізді сөзбен жеткізе алмаймын.
Мен ол жерде шынайы күліп
түскенмін, себебі Месси мен Суарес
менің қолымды қысты, басымнан
сыйпады»,- деп Әли
Тұрғанбек өз әсерімен бөлісті.
Қазақстандық
балақайға Месси шоколад сыйлаған.
Айта кету керек,
Әли бұған дейін Андрей Шевченко, Неймар,
Киллиан Мбаппе, Эдинсон Кавани, Диего
Марадонамен, сондай — ақ өзінің кумирі
Ник Вуйчичпен кездескен.
Балақайдың
анасының айтуы бойынша олар қиын
жолдардан өткен. Бала кемтар болып
туылғанда туыстары баладан бас тартуын
өтінген. Әли өскенде мектептер де
қабылдамаған. Бірақ қазір балақай
Нұр-Сұлтандағы «Нұрорда» дарынды
балаларға арналған мектепбінде оқиды.