Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға қағаз түріндегі жеті анықтаманы электронды түрде алуға мүмкіндік жасады.
Ол анықтамалар төмендегісінше:
- психоневрологиялық ұйымда есепте тұратыны/тұрмағандығы;
- наркологиялық ұйымда есепте тұратыны/тұрмағандығы;
- туберкулезге қарсы ұйымда есепте тұратыны/тұрмағандығы;
- 083; 086 медициналық анықтамасы;
- көлік құралын басқаруға жіберілгені туралы;
- санитарлық кітапша.
Денсаулық
сақтау вице-министрі Олжас
Әбішев бұл ақпаратпен өзінің
Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында
бөлісті. Ол "Цифрлық даму, қорғаныс
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі"
бастаған флешмобты осылай
жалғастыды. Бұл ведомствоның басшысы
Асқар Жұмағалиев қазақстандықтарға
мекенжай анықтамалары үшін ХҚКО-на
жүгінудің қажеті жоқ екенін мәлімдеген
болатын.