Қазақстандықтардың несие қарыздары мемлекет есебінен өтелді

01 қыркүйек, 10:51

Министрлік Президент Жарлығымен көзделген барлық іс-шаралардың іске асырылғаны туралы есеп берді, деп хабарлайды Elitar.kz.

Қазақстанның Қаржы министрлігінде 2019 жылғы 26 маусымдағы "Қазақстан Республикасы азаматтарының қарыздық жүктемесін азайту жөніндегі шаралар туралы" Президент Жарлығының орындалуы туралы есеп берді.

Жарлықты іске асыру тетігін Үкімет пен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі екі негізгі бағыт бойынша әзірледі.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, бірінші бағыт аясында Үкімет республикалық бюджеттен екінші деңгейлі банктерге және микроқаржы ұйымдарына бағыттаған 105 миллиард теңге мөлшерінде мақсатты қаржыландыру бөлді. 629 мыңнан астам қарыз алушы үшін осы шаралар төлем қабілеттілігін қалпына келтіруде және олардың негізгі борыш пен сыйақы бойынша борыштық жүктемесін азайтуда елеулі қолдау болды.

"Екінші бағыт бойынша екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдары жалпы сомасы 33 миллиард теңгеге 1,4 миллион азаматтың кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдар бойынша берешекті есептен шығарды, олардың 30 пайызы немесе 10 миллиард теңгесі мемлекет "проблемалық кредиттер қоры" АҚ арқылы өтелді. Жарлықтың арқасында қазақстандықтардың қарыз жүктемесі төмендетілді, бұл ретте бірқатар азаматтардың қарыздары банктер мен шағын қаржы ұйымдары алдындағы қарыз мөлшерін ескере отырып толық өтелді", – деп атап өтті ҚР ҚМ баспасөз қызметі.
Министрлікте Жарлықта көзделген барлық іс-шараларды іске асыру аяқталғанын атап өтті. Бұл акция бір реттік болып табылады.