Қазақстанның солтүстігінде дүкен алапат өртке оранды

26 сәуір, 17:15

Бүгін түнде Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы дүкендерінің бірінде ірі өрт оқиғасы тіркелді

Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, орталықта орналасқан "Близнецы" дүкені өртке оранған. Дүкеннен шыққан от қатар тұрған құрылыс материалдарының қоймасын шарпыған. Өрттің жалпы аумағы 500 шаршы метрді құрады.

"Өртті сөндіру барысында оттегі баллондарының төрт жарылысы орын алды",-деп хабарлайды өртке қарсы қызмет мамандары.

Өрт сөндіруге 20 адам қатысып, 5 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Өрттің себебі анықталуда.
Өрт сағат 01:24-те оқшауланып, сағат 02:22-де сөндірілген. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.