Қазақтың күйіне тойда мың бұрала билеген әже желіні жарды (видео)

13 желтоқсан, 12:30

Егде жастағы ақ жаулықты ананың билеп тұрған сәтінің видеосы әлеуметтік желілерде лезде тарап кетті, деп хабарлайды Elitar.kz.

Видеодан қарт кейуананың тойлардың бірінде ортаға шығып, еш қымсынбастан мың бұрала билегенін көруге болады. Желі қолданушылары әжейдің талантына тәнті болды.

«Немересінің тойында бір билеймін деген-ау. Өте керемет. Жасы ұзақ болсын», «Жас кезінде биші болған-ау апам», «Жастар селкілдеп билей бергенше, апам да бір жасап қалсын», «Шіркін, осындай апаларымыз жасасын» деп пікірлерін жаудырған желідегілер әжейге ұзақ ғұмыр тіледі.

Айтпақшы, желі қолданушыларының пікірінше бұл той Астанада өткен болуы мүмкін.

ВИДЕО: INSTAGRAM