Қазақстанға Батыс және Солтүстіктен атмосфералық фронттар келе жатыр. Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасай отырып Elitar.kz хабарлайды.
30 мамыр - 1 маусымда көптеген облыстарда жауын-шашын болады.
Синоптиктердің айтуынша, жаңбыр ұзақ жаумайды. Күн күркіреп, жел соғады. Жауын-шашын кезінде аздап суық болады, бірақ күннің көзі ашылған соң, температура күрт көтеріледі.