Балабақшада бір кереуетте төрт бала ұйықтап жатқан видеоның қайда түсірілгені белгілі болды

02 мамыр, 14:30

Бір кереуетте топтасып ұйықтап жатқан балабақша тәрбиеленушілері туралы видео Қазақстанда түсірілмеген. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz хабарлайды.

Видеода балалар түскі үзіліс уақтысында кереуеттерге топтасқан күйде жатып ұйықтауда.


Қазақстан БҒМ хабарлағандай, видео Бішкектегі № 1 балабақшада түсірілген. Мектепке дейінгі мекеме 140 орынға есептелген, алайда мұнда 300-ден астам бала қабылданған.

"Әлеуметтік желілерде таратылған (балабақшаның бір кереуетінде төрт бала ұйықтап жатқан) видео қазақстандық балабақша емес. Өз кезегінде Бішкектің білім басқармасы бастығының орынбасары Наталья Никифорова видео Бішкектің № 1 балабақшасында түсірілгенін растады, - деп атап өтті ҚР БҒМ.