Бұл туралы Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz хабарлайды.
«Баланың ата-анасы Іле аудандық полициясына тәрбиешінің үстінен арыз түсірді. Тәртіп сақшылары қажетті сараптаманы тағайындады. Соған сәйкес, процессуалдық шешім қабылданатын болады», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысындағы Іле ауданының Байсерке ауылындағы жеке меншік балабақшада тәрбиешінің кішкентай баланы ұрған видеосы әлеуметтік желіге тарап кеткен болатын. Видеода белгісіз әйел ұйықтап жатқан баланы мазалап, беті мен жамбас тұсынан ұрғаны анық көрінеді.