ҚР Президентінің Жолдауын насихаттау мақсатында AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалының өкілдері «Ұлағат» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесті. Шымкенттегі №137 жалпы орта мектепте өткен жиынға AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ж.Бектаева, AMANAT партиясы Абай аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Е.Бертаев, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Ш.Қозыбақов қатысты.
"Мемлекет басшысы биыл жыл басынан бері Қазақстан халқына екі Жолдау арнады. Наурыз айындағы Жолдау негізінде саяси реформа жүзеге асырылып, референдум өтті. Конституцияға бірқатар өзгерістер енгізілді. Жаңа Қазақстан құру мақсатында күрделі шаруалар атқарылды. Ал, қыркүйек айындағы кезекті Жолдауда еліміздің әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамуына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, еліміз үшін ең маңызды, әрі жауапты науқан кезектен тыс Прездент сайлауын өткізу жайы қозғалды. Мемлекет басшысы, сондай-ақ, әлеуметтік әлсіз топтарды қолдауды тапсырды. Жуырда арнайы құжат қабылданған соң, халықтың әлеуметтік осал топтарын қорғайтын жаңа омбудсмен тағайындалады. Яғни бұл көптеген проблеманың жедел шешілуіне септігін тигізбек", - деді Ж.Бектаева.
«Бұл елімізде демократиялық принциптің сақталып отырғанын көрсетеді. Биыл Президент сайлауы өтсе, келер жылы Парламент мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауы өтпек», - деді ол.