Қайғылы оқиға Бәйтерек ауданындағы Рубеженское аулында болған. Жайық өзеніне шомылмақ болған қыз судан қайтып шықпаған. БҚО ТЖД қызметкерлерінің айтуынша, бұл жер жағажай емес, сондықтан мұндай жабдықталмаған жерде шомылуға болмайды. Қыздың денесін ауыл тұрғындары алып шығыпты.