Облыстың Бәйтерек ауданындағы Трекин ауылының зиратына белгісіз біреулердің ойран салғанын әуелі тұрғындар байқапты. Бұзықтар православ бейітіндегі 14 ескерткіш белгісін қиратып кеткен. Қазір оларды полиция іздестіріп жатыр.
Қазір ҚР ҚК 314-бабына (қайтқан адамдардың мәйiттерiн және олар жерленген жерлердi қорлау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Осы оқиғаға қатысы бар адамдар анықталып жатыр, - деп хабарлады БҚО полиция департаментінен.