Құрылысы он жылға созылған ғимараттан құтылуға асыққан облыс әкімі Ғали Есқалиев Фейсбуктегі парақшасында өзінің жеке уатсапп нөмірін жазыпты. Яғни, тергеу изоляторын сатып алғысы келген инвесторлар өзіне тікелей хабарласа алады. Бұл үшін әкімнің жеке WhatsApp нөміріне +77017776037, «Инвестор» деген белгімен өз ұсынысын жазса жеткілікті. Егер инвестордың жобасы ұнаса, жергілікті билік барынша қолдау көрсетуге әзір.
- Батыс Қазақстан облысы Ресейдің бес және Қазақстанның екі облысымен шектеседі. Орал қаласынан 700 шақырым радиуста 20 миллионға жуық адам тұрады. Біз аталған нысанды кез келген бағыттағы бизнеске беруге дайынбыз. Әсіресе жастар кешені, медициналық орталық, шағын бизнес инкубаторы секілді әлеуметтік бағыттағы жобаларды қолдаймыз. Нысан инвесторға жеңілдікпен беріледі. Төлем мерзімін ұзарту мүмкіндігі де қарастырылады. Бірақ сауда ұлттық валютамен жүргізіледі. Сондай-ақ біз мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы ұсыныстарды да қарастыруға әзірміз, - деп жазды Ғали Есқалиев.