06 сәуір, 16:46
Қазір өңірдің екі ауданындағы жағдай әлі күрделі. Тасқалада қар әлі қалың. Қарғын су Қаратөбе ауданының орталығын басу қаупі болған соң, аудандық деңгейдегі бірнеше жол қолдан жырылды. Бірақ осы аумақтағы үш ауылмен қатынас үзілді. Енді төтеншеліктер әлдебір шаруасымен орталыққа бармақ болған ауылдықтарды жаяу арқалап өткізуге мәжбүр. Осылайша 12 адам шығарылған. Олардың бесеуі жүкті әйел.
Қырдан келген қызыл судың құрсауында қалған Жәнібек пен Бөрлі аудандарында жағдай тұрақталғандықтан, Атырау облысынан көмекке келген құтқарушылар еліне қайтты. Қазір өңірде маңғыстаулық төтеншеліктер қалды.
Естеріңізге салайық, БҚО-да су тасқыны кезінде төрт ауданда 140 үйді су басып, 200-ге тарта үй жануары шығын болды. Жағдай ушыққасын, Жәнібек, Қаратөбе, Бөрлі, Шыңғырлау аудандарында төтенше жағдай жарияланды.

