«Теректі балалар музыка мектебі» МКҚК бұрынғы бас есепшісі Алексей Бердников қызмет бабын асыра пайдаланған. Мектеп директорының электрондық-цифрлық қолтаңбасын заңсыз пайдаланған ол екі жыл бойы интернет-банкинг арқылы қолма-қол ақшасыз есептесіпті. Осылайша жалақы мен өзге де төлемдерді өзінің жеке шотына аударып отырған. Сотталушы бұл олжасын ойын-сауық және букмекерлік кеңселерде бәс тігіп, құмар ойындарға жұмсаған. Кейін оның бұл әрекеті анықталып, қылмыстық іс қозғалды. Сот кезінде есепшінің 22 млн теңге мемлекет қаржысын жымқырғанын анықтады.