Оқиға Қазталов ауданында болды. Кешкісін үйіне мас болып келген отағасы әйелін аяусыз сабап, бұл аздай темір таяқпен зорлаған. Ауыр жараланған келіншек қазір аудандық ауруханада емделіп жатыр. Дәрігерлер оған ота жасалғанын хабарлады:
- 39 жастағы әйел ауыр жараланып, қансырап қалған. Тік ішегінің тамырлары мен бұлшықеттері жыртылғаны анықталды. Енді зақымдалған мүшесі қайта қалпына келуі үшін ұзақ емделуі керек. Қазіргі жағдайы қалыпты болғасын, жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды.