Бельгиялық жұп Аида мен Салтанатқа тарихи отанын көрсетті

03 мамыр, 10:30

Бельгиялықтар 20 жылдан кейін тарихи отанына келді, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасай отырып, Elitar.kz.

Асырап алушы ата-анасы 20 жыл бойы қыздарға туған елі туралы үнемі айтып, фотосуреттерін көрсеткен. Осы уақыт ішінде ерлі-зайыпты Бертелстер балаларды Қазақстанға әкелуді армандаған. Саяхат Алматыдан басталды, қыздардың өтініші бойынша олар балалар үйін көруге барды.

"Біз Салтанат әпкеммен бірге Семей қаласындағы балалар үйін көруді армандаған болатынбыз. Және, әрине, бұл сәт біз үшін қызықты болды. Тіпті клиниканың қызметкерлері бізді есіне түсіретінін күткен жоқпыз, бірақ олар мені және Салтанатты танитындарын айтқанда, қуанып қалдық", - деді Аида Бертелс.

Осыдан 20 жыл бұрын Аними жұбайымен Қазақстаннан қыз баланы асырап аламыз деп шешті. Сол кезде отбасылық жұптың өз балалары да бар еді. Бірақ ерлі-зайыптылар қыз асырап алғылары келген.

"Мен сол кезде балаларым болғанына қарамастан, отбасымның үлкен болғанын қаладым. Содан кейін бала асырап алу - бұл жақсы және біз осындай балаларға көмектесуіміз керек. Әрине, ресімдеу өте ұзақ және күрделі болды. Бірақ біз, америкалық отбасылар Қазақстаннан балаларды асырап алатындығын естігендіктен Брюссельде Қазақстан елшілігіне барып, жай-жапсарын сұрадық", - деді Аними Бертелс.

Әйел оларды өзге адамдардың пікірі қызықтырмағанын айтады. Тағы да ата-ана болу ниеті ерлі-зайыптылардың екеуінде де болған. Аними қыздарды асырап алған соң Бельгияда бала асырап алу жөніндегі жобаның үйлестірушісі болды. 13 жылда 400-ден астам бала оның агенттігі арқылы өз ата-аналарын тапты. Бертелстер әлі күнге дейін Семей балалар үйіне дәрі-дәрмекпен және ақшамен көмектесуде. Қыздар да дәрігерлер болуды және адамдарға көмектесуді армандайды.