Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы бетон шығаратын цехқа ұры түсті. Полицияға жекеменшік шектеулі серіктестіктен шағым келіп түскен. Онда белгісіз біреу цех аумағында орналасқан қызметтік бөлменің ішінде тұрған сейфтен 1 миллион теңгеге жуық ақша жымқырып кеткені көрсетілген.
«Жас жігіт цех аумағына жасырын кіріп, сейфтің есігін бұзу арқылы ішіндегі қаражатты жымқырған. Содан оңай жолмен келген ақшаға «iPhone» маркалы бағалы ұялы телефон мен өзіне киім-кешек сатып алған. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды» деп атап өтті Полиция департаментіндегілер.