Азаптау құралы ретінде ол пышақ пен тістеуікті пайдаланған.
Денесі көкала қойдай болған кішкентай қыздың видеолары мен фотолары бұған дейін Instagram пайдаланушысы @irisbala_ikrambai парақшасында пайда болды.
Кішкентай
қыз өгей аналарының өздерін қалай
азаптағанын айтты:
"Міне, мына
жерімнен кәкпірмен ұрды. Мына
жерімнен (жоғары және төмен шынтақ
- авт көрсетеді.), кемпірауызбен
шымшылады. Және аяқтарымның
тең жартысын солай қысты.
Аяғымның артына пышақ
шаншыды".
Ол парақшасында балалардың жарақатының қайдан пайда болғаны туралы қорқынышты мәліметтермен бөлісті.
"Бұл жарақатты балаларға Жетісай тұрғыны, олардың өгей шешесі жасады. Мен оны жауапкершілікке тартуды талап етемін. Ертең бала кезінен зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалар қалай өседі?" деп сұрады ол.
ҚР
БҒМ хабарлағандай, бірінші болып дене
жарақаттарын мұғалім байқап, полиция
шақырған.
12 сәуірде
аудандық полиция бөлімімен ҚК-нің
140-бабы 2-бөлігі бойынша (кәмелетке
толмаған баланы тәрбиелеу міндеттерін
орындамау) сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазір балалар Жетісай орталық аудандық ауруханасында жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне ешнәрсе қауіп төндірмейді.
"Бұл іс облыс прокуроры мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бақылауында. Күдіктіге қатысты тиісті шаралар қолданылатын болады" делінген ТО ПД баспасөз хабарламасында.